Назарбаев Ресеймен мұнай және мұнай химиясын өңдейтін бірлескен кәсіпорын құруды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Ресеймен мұнай және мұнай химиясын өңдейтін бірлескен кәсіпорын құруды ұсынады

Назарбаев Ресеймен мұнай және мұнай химиясын өңдейтін бірлескен кәсіпорын құруды ұсынады

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресеймен мұнай және мұнай химиясын өңдейтін бірлескен кәсіпорын құруды ұсынады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Мамыр 2008
  • 452
Фото - Caravan.kz

«Біз мұнай химиясы және мұнай өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорын құра отырып бұл саланы нығайтуды ұсынамыз», — деді Н. Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевпен бірлескен баспасөз мәслихатында.

«Қазақстан мұнайы мен газының негізгі бөлігі Еуропаға Ресейдің құбыр жүйесі арқылы жетеді. Бұған кері үрдіс те бар: біз биыл Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдауды жоспарлап отырмыз», — деп еске салды Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, екі ел Каспий қайраңында мұнай мен газдың жаңа кен орындарын анықтауда белсенді түрде ынтымақтасуда екендігін атап өтті.

«Энергетикадағы Ресей — Қазақстан ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие», — деп сөзін түйді Қазақстан президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті