Қазақстан мен Ресей ТМД елдеріне 2009 жылды энергетика саласындағы ынтымақтастыққа арнауды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей ТМД елдеріне 2009 жылды энергетика саласындағы ынтымақтастыққа арнауды ұсынады

Қазақстан мен Ресей ТМД елдеріне 2009 жылды энергетика саласындағы ынтымақтастыққа арнауды ұсынады

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Ресей ТМД елдеріне 2009 жылды энергетика саласындағы ынтымақтастыққа арнауды ұсынады. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше РФ президенті Дмитрий Медведевпен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Мамыр 2008
  • 399
Фото - Caravan.kz

«Өздеріңізге белгілі, ТМД аясында біз бір жылды бір тақырыпқа арнау формуласымен жұмыс істеуге келіскенбіз. Біз 2009 жылы энергетика саласындағы ықпалдастық тақырыбы таңдалсын деп ұсынып отырмыз», — деді Н. Назарбаев.

Өз кезегінде РФ президенті Д. Медведев «ТМД елдерімен ынтымақтастық мәселелеріне баса назар аудару қажеттігін» атап өтті. «Егер біз болашақта өзара ықпалдастықтың жаңаша деңгейіне көтерілуге ниетіміз болса, онда өзіміз қабылдаған шешімдердің кейінгі ысырылмай, дер кезінде орындалуына, тікелей әсер беретін құжатқа айналуына қол жеткізуге тиіспіз», — деді РФ мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті