«Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың тиімді жұмыс істеуін одан әрі қамтамасыз ету мақсатында үкімет қазір «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар туралы» заң жобасын дайындады», — деді Е. Мамытбеков. Оның түсіндіруінше, «заң жобасында Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларды құру, жұмыс істеу, қайта құру және жою ерекшеліктері регламенттеліп, олардың мамандандырылған кеңес атты консультативтік-кеңес органы арқылы мемлекеттік органдармен ықпалдастық жасау тәртіптері айқындалған».
«Заң жобасының бір ерекше тұсы — мемлекеттік меншікті, жерді және жер қойнауын пайдалану құқықтарын өткеріп беру тетігі болмақ», — деді вице-министр.
«Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияның пайдасын бөлісу тетіктерін заңнамалық негізде реттеуді қамтамасыз ету және оны әріқарай әлеуметтік жобаларға инвестициялау үшін ӘКК-дың қаржылық ресурстарын коммерциялық емес заңды тұлға түрінде корпоративтік әлеуметтік қор құру арқылы жинақтау тәсілі қарастырылуда», — деді Е. Мамытбеков.
Осы орайда оның атап көрсеткеніндей, «заң жобасы қор қаржысын тек қана мақсатты түрде пайдалануды регламенттейді».
Вице-министрдің мәліметінше, қазір заң жобасы мемлекеттік органдар, үкімет басшысының кеңсесі мен президент әкімшілігінің келісімін алуға жіберілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті