«Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар туралы» заң жобасын парламентте талқылаған кезде Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар табысы төмен кәсіпорындарды дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асырған жағдайда салық жеңілдігін жасау жөнінде ҚР Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарау орынды деп санаймын», -деді Е. Иманқұлов.
Сенатор сонымен бірге парламентке келіп түсе қоймаған «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар туралы» заң жобасында «айтарлықтай кемшіліктер мен олқылықтар бар» екенін атап өтті.
«Онда Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың іс-қызметін мемлекет тарапынан реттеуді жүзеге асыруға тиіс уәкілетті органның құзыреті әсіре схемалы түрде көрсетілген. Осындай органды құру тәртібі, оның үкіметпен және ӘКК-мен ықпалдастығы регламенттелмеген», — деді ол.
«Сонымен бірге, жасалған заң жобасында оны тікелей әсерлі заң ретінде пайдалануды қиындата түсетін бланкетті нормалар өте көп. Оның кейбір ережелері нақты емес, ол оны екіұдай түсіндіруге және осындай нақсыздықты сыбайлас жемқорлық мақсатында пайдалануға мүмкіндік береді», — деді Е.Иманқұлов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті