Қазақстан үкіметі Қытай Халық Республикасына ізгілік көмек көрсету туралы қаулы қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі Қытай Халық Республикасына ізгілік көмек көрсету туралы қаулы қабылдады

Қазақстан үкіметі Қытай Халық Республикасына ізгілік көмек көрсету туралы қаулы қабылдады

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі Қытай Халық Республикасына ізгілік көмек көрсету туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сиюньмен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Мамыр 2008
  • 577
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, премьер-министр ҚХР-да жер сілкінісінің салдарынан орын алған жағдайларға байланысты олардың ауыр қайғысына ортақ екендігін айтты және Қытай халқына, қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айту, сондай-ақ табиғат апатынан зардап шеккендердің барлығының тездетіп жазылып кетуін тілеген хатын елшіге табыс етті».

Кәрім Мәсімов Қазақстанның Сычуань провинциясындағы жер сілкінісінің салдарын жою үшін Қытайға көмек көрсетуге әзір екенін хабарлады. Оның айтуынша, бүгін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР үкіметі Қытай Халық Республикасына ізгілік көмек көрсету туралы қаулы қабылдады.

Қаулыға сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қытай Халық Республикасына ізгілік көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер бөлуді қамтамасыз ететін болады.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Қытай Халық Республикасына ізгілік жүгін тасымалдау үшін жылжымалы құрамды уақытылы беруді қамтамасыз етеді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ізгілік көмек көрсету үшін 433 млн. теңгеден астам сомада тауарлық-материалдық құндылықтарды (азық-түлік өнімдері, шатырлар, жылы киімдер мен жаймалар) жөнелтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті