РФ президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
РФ президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталды

РФ президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталды

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - РФ президенті Дмитрий Медведевтің Қазақстанға бірінші мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Мамыр 2008
  • 516
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведев 22-23 мамырда Астанаға мемлекеттік сапар жасады. Ресей президенті Дмитрий Медведев бірінші шетелдік сапарын дәл Қазақстаннан бастауы Ресейдің стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі жалғастырудан мүдделілігін паш ететінін айтты.

«Менің Қазақстанға сапарым кездейсоқтық емес. Бұл Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан бекем ынтымақтастық векторының, айрықша сенімді әрі бауырластық қатынастардың айғағы», — деді Д. Медведев.

Ресей мен Қазақстанның жоғарғы басшылары арасындағы сенімді қарым-қатынас дәстүрі жалғасады. Бұл туралы Ресей Федерациясының президент Дмитрий Медведевпен бірге болған бірлескен баспасөз мәслихатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

«Біз Владимир Владимирович Путинмен жиі кездесетінбіз. Және туындаған мәселелерді жедел шешіп жүрдік. Біздің мемлекеттеріміз бен халқымыздың өзара мүдделерін ескере отырып және ашық диалог жолымен шешілмейтін проблема жоқ. Дмитрий Анатольевич Медведевпен өткен келіссөздер осы жағымды қалыптың сақталатынын, Қазақстан мен Ресейдің жоғарғы басшылықтары арасындағы сенімді қатынас дәстүрі жалғасатынын көрсетті», — деді Н. Назарбаев.

«Бұл сабақтастық біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыздың игілігіне арналады», — деп атап көрсетті ол.

Сапар барысында екі жақты ынтымақтастыққа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы талқыланып, бірқатар өзекті халықаралық проблемалар бойынша пікір алмасылады.

Қарым-қатынастарды қарқындандыру үшін Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің экономикалық ынтымақтатсығы мен интеграциясы туралы ұзақ мерзімді келісімінің жобасын дайындауды ұсынды. Сонымен бірге, РФ мен ҚР үкіметтеріне ағымдағы жылдың аяғына дейін Қазақстан мен Ресейдің 2009 — 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-әрекеттер жоспарын жасауға тапсырма берілді.

Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы халықаралық терроризммен, ұйымдасқан қылмыспен және экстремизммен күрес ісінде ынтымақтастықты кеңейту жөнінде уағдаласты, деп көрсетілген бейсенбі күні Астанада қол қойылған Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведев пен Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бірлескен мәлімдемесінде.

«Ресей мен Қазақстан халықаралық терроризммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, есірткі мен қарудың заңсыз айналымымен күресте, экстремизмнің барлық түрлерінің таралуына қарсы әрекет етуде өзара ынтымақтастықты үнемі тереңдетіп отыратын болады», — деп айтылған құжатта.

Келіссөздер барысында «Байқоңыр» кешенін пайдалану, ғарыш кеңістігін бірлесе пайдалану, мұнайгаз кеніштерін бірлесе игеру жобаларын жүзеге асыру, мұнай және газ тасымалдау, бірлескен мұнайхимиялық кәсіпорындар құру мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Сапар қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды.

Атап айтқанда, екі ел президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының үкіметтері жаһандық навигациялық спутниктік жүйені (ГЛОНАСС) пайдалану және дамыту саласында ынтымақтасу жөніндегі келісімге, сондай-ақ, бейбіт мақсаттарда ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласында ынтымақтасу жөніндегі келісімге қол қойды. «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ мен «Ресей нанотехнологиялар корпорациясы» өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Сондай-ақ, ұзақ мерзімдік несиелік желі ұсыну ниеті жөніндегі келісімге «Қазақстан даму банкі» АҚ мен «РФ даму және сыртқы экономикалық қызмет банкі» мемлекеттік корпорациясы қол қойды.

Сонымен қатар, РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен ҚР сыртқы істер министрі РФ үкіметінің Мәскеудегі Чистопрудный бульварындағы ғимаратты ҚР меншігіне беру туралы келісімге қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті