«Бүгінгі сатыда біз Жоғарғы соттың қадағалау алқасында трансферттік баға құру бойынша, ал екінші іске қатысты оффшорлық компания бойынша Қарағанды облыстық сотының қадағалау алқасында шағым жасаймыз. Қолдау табамыз деп үміттенемін», — деді Н. Рахметов.
Ол Салық комитеті компания қызметінің трансферттік баға белгілеуі бойынша тексеру жүргізгенін еске салды. «Арселор Миттал Теміртау» АҚ сауда жасаған баға нарықтағы бағаға қарағанда үш есе төмен болған. Екіншіден, олар оффшорлық компания арқылы сауда жасаған және барлығын сонда қалдырған. Ал бізде заң бойынша еншілес оффшорлық компанияның табыстарына осында, Қазақстанда салық салынуы тиіс», — деп түсіндірді ол.
«Өкінішке орай, қазір соттар бізді қолдамай, жеңіліске ұшырап отырмыз. Олар «Арселор Миттал Теміртау» АҚ компаниясында ұжымдық табыс салығы бойынша жеңілдіктері бар дегенге сілтеме жасайды», — деп түсіндірді Салық комитетінің басшысы.
«Дегенмен, біз компаниядағы салық режимі жеңілдіктері, қалай болмасын, еншілес оффшорлық компанияның табыстарына қатысы жоқтығына сенімдіміз. Екіншіден, бұл трансферттік баға белгілеу бойынша қосымша табыстарға да жарамайды. Салық режимі мен трансферттік баға құру деген екеуі екі басқа нәрсе», — деп атап көрсетті Н. Рахметов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті