Жыл басынан "ҚазАгроФинансқа" жылыжай кешенін қаржыландыру жөнінде 11 өтініш келіп түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан "ҚазАгроФинансқа" жылыжай кешенін қаржыландыру жөнінде 11 өтініш  келіп түсті

Жыл басынан "ҚазАгроФинансқа" жылыжай кешенін қаржыландыру жөнінде 11 өтініш келіп түсті

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Жыл басынан "ҚазАгроФинансқа" 11 жылыжай кешенін қаржыландыру жөнінде 11 өтініш келіп түсті. Бұл туралы агенттікке компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

  • 23 Мамыр 2008
  • 703
Фото - Caravan.kz

«Жыл басынан «ҚазАгроФинанс» компаниясына Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола , Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 10 млрд теңгеден аса жылыжай кешенін қаржыландыру жөнінде 11 өтініш келіп түсті «, -деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ал 2007 жылы 1,5 млрд теңге мөлшерінде қаржы бөлу жөнінде 12 өтініш түсті.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай,» биылғы жылдың жазында Оңтүстік Қазақстан облысында израильдік Netafim компаниясы шығарған заманауи жоғары технологиялы жылыжай кешенінің бірінші ашылуы болады».

«Лизинг алған компания ( «Азия-Трейд-1» «ҚазАгроФинанс» арқылы қаржы алған) өңірді көкөніс пен гүл өсімдіктерімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр «, -деп түсіндірді агенттікке.

«ҚазАгроФинанс» сонымен бірге » Атырау және Ақтөбе облыстарының жылыжай кешендеріне қажетті құралдарды сатып алуды қаржыландырды».

Компанияда атап өткеніндей, «республика соңғы уақытқа дейін ауылшаруашылығында көкөніс өнімдерін өсіру және өңдеуге байланысты бағыттың дамытылмауы ҚҚС мен кедендік 15 пайыздық баж салығы есебінен тежеліп отырды, өйткені бұл салық көлемі кіргізілген жылыжайлар құнының 30 пайызын құраған. Заманауи жылыжайдың құны, жерге қосымша шығындар, жобалық жұмыстар, коммуникациялар мен су тарту, сондай-ақ көрші мемлекеттерде көкөніс өнімін өсіру көлемінің ұлғая түсуі, Қазақстандық өнім өндірушілердің бәсекелестікке қабілеті күмән тудыратын», — деп атап өтті «ҚазАгроФинанс».

«ҚР үкіметінің жылыжай құрал- жабдықтары мен импорттық жылыжайлар үшін енгізілетін салық және кедендік жеңілдіктері көкөніс, жеміс-жидек оларды өңдеумен айналысатын Қазақстанның өнім өндірушілері үшін айтарлықтай көмек болып, оларды ынталандырады», — деп атап өтті компанияда.

«ҚазАгроФинанс»АҚ — компаниясы үкіметтің қаулысымен 1999 жылы құрылды. Компанияның 100 пайыз акциясы мемлекеттің еншісінде. «ҚазАгроФинанстың» негізгі мақсаты- республиканың аграрлық секторын қолдау, оны дамытуды ауылшаруашылығы өнімін өндірушілердің қаржылық құралдарға қол жеткізуі есебінен және лизингтік негізде технологиялық жабдықтар мен ауылшаруашылық техникамен қамтамасыз ету арқылы жүзеге асыру. 2007 жылдың сәуір айынан бастап «ҚазАгро» Ұлттық компанияның құрамына кірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті