«Ауған контрабандистері түнде резинке қайықтары арқылы тәжікстанның жағасына келіп, торуылдың барын сезіп оқ жаудырды. Тәжікстанның күш құрылымдарының өкілдері оқ атқаннан кейін, олар түнді пайдаланып іздерін суытты», -деп хабарлайды ЕБА.
Оқиға болған жерді тексеру кезінде екі резинке қайық және қапқа салынған 12 келі героин табылды.»Атыс салдарынан шегарашылар мен есірткіге бақылау жасау агенттігінің қызметкерлері зардап шеккен жоқ», — деп атап өтті ЕБА.
Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып Тәжікстанның арнайы қызмет өкілдеріне шабуыл жасаған топ анықталуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті