Қорғалжын қорығына - 40 жыл - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғалжын қорығына - 40 жыл

Қорғалжын қорығына - 40 жыл

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысындағы Қорғалжын қорығына 40 жыл толды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ Даму бағдарламасына (БҰҰДБ) сілтеме жасай отырып.

  • 26 Мамыр 2008
  • 3328
Фото - Caravan.kz

Әріптестерін мерейтойларымен құттықтап, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінің аң және орман шаруашылықтары комитетінің, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, БҰҰДБ, Қазақстанның түкпір-түкпірінен қорықтар мен ұлттық саябақтардың директорлары мен қорықтың басқа да серіктестері келді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мерекелік шаралар барысында қонақтар жаңа орталық әкімшілік корпусы мен қорықтың болашақ сапар-орталығымен танысып, табиғат қорғау аумағының орталық бөлігінде құстарды тамашалау алаңқайының салтанатты ашылу рәсімінің қатысушылары болды. сондай-ақ, Қаражар жотасына экскурсия жасап, Кіші Теңіз көліне барып қайтты.

Баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянында 1968 жылы құрылған Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Қазақстан Республикасының қазіргі қорықтарының арасындағы ең үлкені болып табылады. Аталмыш табиғат қорғау аумағы құстардың жаһандық миграция бағытының түйіскен жерінде орналасқан көптеген көлдер аумағы болып есептеледі. Бұл Қазақстандағы және бүкіл Азиядағы жыл құстарының маңызды сулы-батпақты жері болып табылады.

БҰҰДБ қорықтың биологиялық әр түрлілігі бірегей екенін атап көрсеткен. Ол флораның 374 түрі мен су және құрғақ жануарларының 1400 түрін қамтиды. Қорықтағы құстардың 333 түрі бар. оның 126 түрі аталмыш аумақта ұялайды. Теңіз бен Қорғалжын көлдерінің құстарының сулы-батпақты кешенінің 112 түрі бар. ол Қазақстандағы белгілі 130 түрдің 87 пайызын құрайды.

Қорық аумағында Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің 60 түрі бар, деп атап көрсетілген баспасөз баянында. Тіркеу мәліметтеріне сүйенсек, қорықтың көлдерінде әлемдегі бұйра бірқазанның 20 пайызы және тағы бір сирек кездесетін түр ақбас үйректің 10 — 20 пайызы шоғырланған. Сондықтан 1974 жылы Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің сулы-батпақты жерлері Рамсар конвенциясына сәйкес, әлемдік маңыздылығы бар сулы-батпақты жерлер қатарына жатқызылған. 2000 жылы Теңіз көлі әлемнің нағыз бірегей көлдері кіретін «Тірі көлдер» халықаралық желісіне қосылды.

2007 жылы аталмыш табиғат қорғау аумағының қорықтық көлдері «Әлемнің басты орнитологиялық аумақтары» тізіміне қосылған. Ал қазіргі уақытта Қорғалжын қорығының ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік табиғи мұра конвенциясының аясына ену мәселесі қарастырылуда.

«Қорық Жаһандық экологиялық қор жобасының, БҰҰ мен Қазақстан Республикасы үкіметінің сулы-батпақты жерлерді сақтау жөніндегі даму бағдарламаларының қамқорлығындағы жерлердің бірі болып табылады. Аталмыш жоба аясында 2004-2005 жылдары мұнда ауқымды гидрологиялық, геоботаникалық, флористикалық және фаунистикалық зерттеулер жүргізілген. Онда Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми мекемелерінің мамандары мен қорық қызметкерлері қатысқан. Аталмыш зерттеулер нәтижесі Қорғалжын қорығын кеңейту қажеттілігінің ғылыми негіздемесіне дайындық болды. Ол кейінірек биыл жарияланған «Қазақстандағы жаһандық маңызы бар сулы-батпақты жерлері» («Глобально значимые водно-болотные угодья Казахстана») атты монографиялар сериясының томдарының бірінде жарияланды», — деп көрсетілген баспасөз-релизінде.

Ерекше қорғалатын аумақ территориясы екі еседен астам ұлғаяды деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды баспасөз қызметі. Сонымен қатар, сирек жануарлар мекендейтін жерлері мен сирек өсімдіктердің өсетін орындары қарауылға алынады. Оның ішінде өңірдің далалық экоүйесі де бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті