Қаржылық бақылау агенттігінің басқарма құрамына АӨҚО қызметін реттеу агенттігінің басшысы кірді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржылық бақылау агенттігінің басқарма құрамына АӨҚО қызметін реттеу агенттігінің басшысы кірді

Қаржылық бақылау агенттігінің басқарма құрамына АӨҚО қызметін реттеу агенттігінің басшысы кірді

Алматы. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы Әркен Арыстанов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің жаңа басқарма мүшесі болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 26 Мамыр 2008
  • 558
Фото - Caravan.kz

Қаржылық бақылау агенттігінің басқарма құрамын өзгерту туралы шешімі Қазақстан Республикасы президентінің 2008 жылдың 23 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасы президентінің 2003 жылдың 31 желтоқсанындағы жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жарлығына сәйкес қабылданған.

Қазіргі заңға сәйкес, бағалы қағаздар нарығы жөніндегі заңды жүзеге асыруға бағытталған негізгі нормативтік-құқықтық актілер Қаржылық бақылау агенттігінің жоғарғы органы басқарма тарапынан қабылданады.

«Алматы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі қор нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға белсенді қатысып отырған мемлекеттік орган екенін ескере келе Қаржылық бақылау агенттігінің басқарма құрамына Алматы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің өкілін енгізу және 2003 жылдың 31 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен бекітілген Қаржылық бақылау агенттігі жөніндегі ережеге тиісті өзгертулер енгізу көңілге қонымды деп табылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қаржылық бақылау агенттігінің ережесіне сәйкес, аталмыш ұйымның басқармасы бүгінгі таңда 9 адамнан тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті