«Біздің елімізге қайта өңдеу үшін қалдықтар әкеліне ме деген сауал маған және біздің министрлікке көп қойылды. Мен бүгін осы сауалға жауап берсем деп едім: біздің елімізге өңдеу үшін де, көму үшін де ешқандай қалдық әкелінбейді», — деді Н. Ысқақов.
Бұл ретте ол президент тапсырмасымен министрлік Қазақстанға ескірген, лас экологиялық технологияларды енгізуге толығымен тыйым салу жөніндегі Экологиялық кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын дайындаған.
«Сонымен қатар, Семей полигонынан конденсаторлар мен трансформаторларды қайта өңдеуге жіберу мәселесі қарастырылу үстінде», — деп хабарлады табиғат қорғау мекемесінің басшысы. Ол алғашқы партия Қарағанды облысында орналасқан «Дарьял-У» полигонынан 1000 қауіпті конденсатор Германия Федеративті Республикасының Бремен қаласына жөнелтілгенін және жойылғанын еске салды. «Биыл ол жаққа өңдеу үшін 25 мың конденсаторды жөнелтсек па деген ойымыз бар», — деген ақпарат ұсынды Н. Ысқақов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті