Қызылорда облысының әкімдігінде ауыс-түйістер болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысының әкімдігінде ауыс-түйістер болды

Қызылорда облысының әкімдігінде ауыс-түйістер болды

Қызылорда. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысының жаңа әкімі Болатбек Қуандықов алғашқы кадр өзгерістері жасады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 26 Мамыр 2008
  • 597
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда облысының әкімінің бұйрығымен облыс әкімінің орынбасары болып Мұрат Мұхамедов тағайындалды.

М. Мұхамедов 1957 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1986 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тарихшы мамандығы бойынша тәмамдаған. Қоғамтану тарихының оқытушысы.

Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор. 1999 жылы Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін «экономист» мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.

1998 жылдан бері Қазақ гуманитарлық заң университетінің Қызылорда қаласындағы бөлімшесінің директоры болған. 2001 жылдан бері Қызылорда гуманитарлық колледжісінің директоры. 2005 жылдан бері «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының төрағасы болып табылады.

М. Мұхамедовке облыс әкімінің орынбасары ретінде идеология және ішкі саясат мәселелерін реттеу, сондай-ақ, өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешу тапсырылған.

«Қызылорда облысы әкімінің тағы бір бұйрығымен Құттықожа Ыдырысов облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылып, Қызылорда облысының қаржы басқармасының бастығы болып тағайындалды», — деп хабарлады әкімдіктегілер.

Қаржы басқармасының бұрынғы бастығы Роман Мұсабеков Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті