Шардара су қоймасындағы су көлемі тамыз айының басында таусылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шардара су қоймасындағы су көлемі тамыз айының басында таусылады

Шардара су қоймасындағы су көлемі тамыз айының басында таусылады

Шымкент. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шардара су қоймасынан суды жіберу нормасына сәйкес ондағы көлем тамыз айының басында таусылады. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Югводхоз" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның суды пайдалану бөлімінің бастығы Айгүл Омарова хабарлады.

  • 26 Мамыр 2008
  • 480
Фото - Caravan.kz

А. Омарованың айтуынша, ҚР ауылшаруашылық министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитеті Шардара су қоймасынан секундына 400-450 текше метр көлемінде суды тастау нормасын бекітті.

«Қызылорда облысының төменгі жағын сумен қамтамасыз ету үшін, секундына 600-650 текше метр суды жіберу керек, ал онда су насостар арқылы көтеріліп отырады. Алайда, біз кесте бойынша бекітілген су көлемінен аспауымыз керек», — деді А. Омарова.

Тіпті норма көлемі азайтылып отырса да тамыз айында су қоймасында су болмайды.

«Біздің есептеуіміз бойынша шілденің жиырма төртінші күніне таман, тамыздың басында су қоймасы өзінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады. Біз қазірдің өзінде бәріне алдын ала ескертіп тамыз -қыркүйек айларында су болмайды дедік», — деп ойын жалғастырды А. Омарова.

Бүгінгі күні Шардара су қоймасына секундына 52 текше метр су құйылып жатса, 450 текше метр су Сырдарияға және Қызылқұм арнасына 20 текше метр су тасталып жатыр. Су қоймасындағы су көлемі 3 млрд 860 млн текше метрді құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті