«Хельсинки қаласында 1-2-маусымда ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасаушы «бестіктің» сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді, оған еліміздің сыртқы істер министрі қатысады», -деді Е. Ашықбаев.
Оның айтуынша, «ЕҚЫҰ-ына қатысушы елдердің сыртқы істер министрлерінің Мадрид кеңесінен кейін ұйымға 2011 жылға дейін төрағалық жасайтын елдердің аты-жөны анықталды». «Осыған байланысты қазіргі төраға — Финляндия СІМ ұйымға болашақта төрағалық жасайтын бес елдің, атап айтсақ, қазіргі «үштік» — Испания, Финляндия, Греция , сондай-ақ, Қазақстан мен Литваның сыртқы істер министрлерінің кездесуін өткізуге абстама көтерді», -деді СІМ өкілі. Оның айтуынша, бұл шараның мақсаты «ЕҚЫҰ күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуде біртұтас көзқарастарды айқындау, сондай-ақ, болашақ төраға елдердің басымдықтарының сабақтастығын сақтау болып табылады».
«ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасайтын елдер «квинтеті» отырысының күн тәртібіне ЕҚЫҰ іс-қызметінің өзекті мәселелері, соның ішінде Ауған тақырыбы, лаңкестікпен күрес, төзімділік және алаламаушылық мәселелері енгізілген», — деді Е. Ашықбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті