«26-27 мамырда ҚР СІМ-нің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев пен Латвия экономика министрі Каспарс Герхардстың төрағалығымен экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Латвия үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өтеді», — деді Е. Ашықбаев.
Оның айтуынша, үкіметаралық комиссияның жұмысы барысында «тараптар сауда, электр қуаты, көлік, маман дайындау, денсаулық сақтау, машина жасау, ауылшаруашылығы салаларындағы ынтымақтатсыққа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасын талқылайды».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті