«26 — 30 мамырда ҚР сыртқы істер вице-министрі Н.Ермекбаев жұмыс сапарымен АҚШ-қа сапар жасайды», — деді Е. Ашықбаев.
Оның айтуынша, «Вашингтонға сапары барысында Қазақстандық дипломат мемлекеттік департаменттің және АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшылығымен екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелері бойынша келіссөздер жүргізіп, АҚШ-тық әріптестерімен ғаламдық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту тақырыбын талқылайды». «Ол сондай-ақ, Қазақстан мен Орталық Азияның зерттеумен шұғылданатын американдық сарапшылармен жүздеседі», — деді СІМ өкілі.
«Сондай-ақ, Н. Ермекбаев АҚШ президенті Буштың Краков бастамасы деген атаумен белгілі 2003 жылғы қару тарату қауіпсіздігі жөніндегі бастамаға қатысушы елдердің бесінші мерейтойлық кездесуіне қатысады. Нью-Йоркте БҰҰ басшылығымен ислам әлемі мен батыс арасында диалог орнату жөніндегі Қазақстанның бастамасын шешуші халықаралық ұйым тарапынан қолдау жөнінде кездесулер өткізіледі», — деді Е. Ашықбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті