Астанада бас қосатын сарапшылар Қазақстанның халықаралық құқықтық міндеттемелерін орындауына қатысты мәселелерді талқылайды - СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бас қосатын сарапшылар Қазақстанның халықаралық құқықтық міндеттемелерін орындауына қатысты мәселелерді талқылайды - СІМ

Астанада бас қосатын сарапшылар Қазақстанның халықаралық құқықтық міндеттемелерін орындауына қатысты мәселелерді талқылайды - СІМ

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" -Астанада 30 мамырда халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық келісімдер жөніндегі мекемеаралық комиссияның алтыншы отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 26 Мамыр 2008
  • 486
Фото - Caravan.kz

«30 мамырда Астанада Қазақстанның халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық келісімдер саласындағы халықаралық құқықтық міндеттемелерін орындау процессіне шолу жасау және жетілдіру мақсатында ҚР СІМ-нің орынбасары Нұрлан Дәненовтың төрағалығымен халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық келісімдер жөніндегі мекемеаралық комиссияның алтыншы отырысы өтеді», — деді Е. Ашықбаев.

«Отырыс барысында мекемеаралық комиссияның бесінші отырысында қабылданған шешімдердің орындалу қорытындысын шолу нәтижелері мен 2008 жылдың қараша айында Женевада Қазақстанның азаптау мен адамның қадір-қасиетін таптайтын басқа да адамшылықтан тыс қатігез қарым-қатынастар мен жазаларға қарсы конвенцияның ережелерін жүзеге асыру жөніндегі екінші мерзімдік баяндамасын қорғауға дайындық барысы талқыланады», — деді СІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті