Қазақстан шекарашылары 15 тонна ұнды контрабандалық жолмен әкетпек болғандардың жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан шекарашылары 15 тонна ұнды контрабандалық жолмен әкетпек болғандардың жолын кесті

Қазақстан шекарашылары 15 тонна ұнды контрабандалық жолмен әкетпек болғандардың жолын кесті

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан шекарашылары бүгін 15 тонна ұнның контрабандалық тасымалына тосқауыл қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 27 Мамыр 2008
  • 378
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Сарыағаш шекара отрядының «Ынтымақ» заставасының аумағында Қазақстанның үш азаматы тұтқындалған. Олар өткізу пунктін айналып, көршілес Өзбекстанға үш жүк көлігімен кетіп бара жатқан. Шекарашылар көліктерден 15 тонна ұн контрабандалық жүкті тапқан.

Мәселенің жай-жапсары анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті