Әкімшілік кодекстің жаңа редакциясы 2009 жылдың басында парламентке енгізіледі - Әділет министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкімшілік кодекстің жаңа редакциясы 2009 жылдың басында парламентке енгізіледі - Әділет министрі

Әкімшілік кодекстің жаңа редакциясы 2009 жылдың басында парламентке енгізіледі - Әділет министрі

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Әділет министрлігі Әкімшілік заңбұзушылықтар жөніндегі кодекстің жаңа редакциясын 2009 жылдың бірінші тоқсанында парламенттік қарауына жібереді. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының ХДП фракциясының президиум отырысы кезінде ҚР Әділет министрі Зағипа Балиева мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 27 Мамыр 2008
  • 512
Фото - Caravan.kz

«2009 жылдың бірінші тоқсанында Әкімшілік заңбұзушылықтар жөніндегі кодекстің және Әкімшілік-процессуалды кодекстің жаңа редакциясы сіздердің қарауларыңызға беріледі», — деді З. Балиева.

Ол атап өткеніндей, бұл құжаттарды 2008 жылдың 21 шілдесінде құрылған әкімшілік заңнамасын жетілдіру мәселесі жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы қарастырып жатыр.

«Комиссия 30 отырысты өткізіп, 300 -ге тарта мәселені қарастырды, соның ішінде бірнеше рет талқыланған кодекс тұжырымдамасының жаңа редакциясы мақұлданып, Әкімшілік-процессуалды кодексі жеке мақұлданды «, -деп түсіндірді министр.

Оның сөздері бойынша, комиссия мақұлдаған ұсыныстар жүйелендіріп, олар бойынша әкімшілік заңбұзушылықтар жөніндегі жаңа кодексі және әкімшілік—процессуалды кодексі дайындалып парламенттің қарауына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті