Теңізде жаппай тамақтан улану салдарынан қазіргі жағдаймен 192 адам ауруханада жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңізде жаппай тамақтан улану салдарынан қазіргі жағдаймен 192 адам ауруханада жатыр

Теңізде жаппай тамақтан улану салдарынан қазіргі жағдаймен 192 адам ауруханада жатыр

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Теңізде жаппай тамақтан улану салдарынан қазіргі жағдаймен 192 адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 27 Мамыр 2008
  • 797
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, 26 мамырдағы сағат 18.00 жағдаймен барлығы 192 адам ауруханаға жатқызылған, соның ішінде Шаңырақ ауылындағы стационарға — 174, Құлсары қалалық аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 15 адам жатқызылған. Бұған қоса Атырау қаласындағы тұрғылықты жеріне кеткен 1, Ақтөбе облысындағы тұрғылықты жеріне кеткен субмердігерлік ұйымдардың 2 жұмысшысы сол жерлерде ауруханаға жатқызылған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сальмонеллез дертін «Модуль-5» асханасының жұмысшысы жұқтырған, ол 17 мамырдан бері асқазан ауруының белгілерімен жұмыс істеп жүрген. «Жұқпалы ауру эклер тоқашы мен пісірілген тауық еті арқылы жұққан. Жұқпалы ауруға қарсы шаралар қолданылуда», -деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өткен сәрсенбіде Қазақстандық 40 жұмысшы («Теңізшевройлдың» (TШО) бірнеше мердігерлік компанияларының қызметкерлері) іш ауруы және құсу белгілерімен дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Оларға «тамақтан улану» деген диагноз қойылды. Ауырғандардың саны 204 адамға жетіп, 155-і ауруханаға жатқызылды, олардың жағдайы орташа және жеңіл деп бағаланды.

Дерек бойынша облыс әкімінің бұйрығымен арнаулы комиссия құрылды, ол зардап шеккендерге көмек көрсетіп, оқиғаның себептерін анықтайды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Сәрсенбай Еңсегеновтың айтуынша, улану оқиғасы ESS компаниясы қызмет көрсететін жұмысшылар асханасында болған. Ол жерде дайындалған тамақ термостармен 20 шықырым жердегі нысанға жұмысшылар тамақтанатын арнаулы бөлімшеге жеткізіліп келген. Сол күні 450 адам тамақтанған.

Атырау облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Мұрат Күлбсовтың айтуынша, «вахталық Шаңырақ ауылында 200 адамға арналған эвакогоспиталь жабдықталған, қазір онда 100 астам адам жатыр». Госпитальда 10 дәрігер мен 10 медбике жұмыс істеуде. Атыраудан тағы бір дәрігерлер тобын жіберуге шешім қабылданды. Барлығы 450 адам тұрақты дәрігерлік бақылауда.

С. Еңсегеновтың мәліметінше, ТШО мердігерлік ұйымдарының қызметкерлерінің жаппай тамақтан улану себептерін анықтауға облыстық билік, дәрігерлер, санитарлық дәрігерлер, төтенше жағдайлар қызметі, прокуратура мен ІІД өкілдері қатысуда. Шұғыл тергеу тобы құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті