Шымкентте басқарма бастығының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте басқарма бастығының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

Шымкентте басқарма бастығының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

Шымкент. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы бастығының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 6 Тамыз 2008
  • 369
Фото - Caravan.kz

«ҰҚКД-нің жедел тергеу тобы төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы бастығының орынбасарын 300 доллар көлемінде пара алып жатқан сәтте ұстады. Бұл ақшаны ол облыс тұрғынынан өнеркәсіп саласындағы лицензиялы қызмет бойынша қорытынды шығарып бергені үшін бопсалаған», — делінген хабарламада.

Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің пара алу жөніндегі 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазір ол ҰҚКД-нің тергеу абақтысында отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті