Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің бөлім бастығына қатысты қылмыстық іс тергелуде - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің бөлім бастығына қатысты қылмыстық іс тергелуде

Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің бөлім бастығына қатысты қылмыстық іс тергелуде

Шымкент. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің қызметкерлері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің облыстық әлеуметтік мекемелердің жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімінің бастығына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова хабарлады.

  • 6 Тамыз 2008
  • 554
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қаржы полициясына облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің басшылығының заңсыз іс-әрекеттері жөнінде арыздарын жазып, Шымкенттің және Төле би ауданының зағип жандар қоғамының мүгедектері шағымданған. Қаржы полициясы қызметкерлерінің тексерулерінің барысында департамент директоры мен «Агила» ЖШС арасында сурдожабдықтар мен тифлотехникалық құралдарды жеткізу жөнінде келісім жасалғаны белгілі болды. Алайда, «Агила» ЖШС жалпы сомасы 9 млн теңгенің қаражатына «Техсун» тифлорадиоқабылдағыштарының, «Панасоник» тифлоплеерлерінің орнына «Тохи» радиоқабылдағыштарын, «Маргаунт» плеерлерін және тағы да басқа құралдарды сатып алған. Сараптама қорытындысы бойынша сатып алынған құралдар мүгедектердің пайдалануына жарамсыз деп танылған.

Әлеуметтік мекемелердің жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімінің бастығы лауазымды тұлға болып тұра, қызмет мүддесіне қайшы болса да жоғарыда көрсетілген тифло, сурдоқұралдарды қабылдау-тапсыру актісінсіз қабылдап алған.

51 жастағы шенеуніктің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-тармағы (Лауазымын асыра пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті