Қырғызстан президенті митингтер туралы заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан президенті митингтер туралы заңға қол қойды

Қырғызстан президенті митингтер туралы заңға қол қойды

Бішкек. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев "Қырғызстан Республикасының "Азаматтардың митингтер мен шерулерді бейбіт, қарусыз және еркін өткізу құқығы туралы" заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қырғызстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 7 Тамыз 2008
  • 540
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты баспасөз қызметі 2004 жылдың 14 қазанындағы Қырғызстанның Конституциялық сотының шешімін ескере отырып «Азаматтардың митингтер мен шерулерді бейбіт, қарусыз және еркін өткізу құқығы туралы» қазіргі заң белгілі бір кемшіліктермен қолданылып келгенін атап көрсетті. Ол азаматтардың бұқаралық шаралар бойынша құқықтарын толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді және осындай шараларды өткізу тәртібін ретке келтіру бойынша белгілі бір құқықтық олқылықтарға алып келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті