«Мас күйінде «Ауди-80″ көлігін айдап келе жатқан 41 жастағы жүргізуші бесінші сыныпта оқитын үш қызды басып кетті. Біреуі оқиға орнында қаза тапса, екеуі ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болды», — деді ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі, подполковник Салтанат Қаракөзова.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жолдағы апат Төле би ауданындағы бір ауылда болған.
Жүргізуші қамауға алынып, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-тармағы және 297-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ОҚО ІІД-нің мәліметінше, қыркүйектің 1 мен 24 аралығында ОҚО-да жолдағы апаттардан 9 бала қаза тауып, тағы 48 бала жарақаттанған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті