«Мен Павлодарға Қайрат Нұрпейісовтың басқа қызметке ауысуына байланысты нақты мақсатпен келдім. Ол осымен алтыншы жыл әкім болып істеп келеді, бұл — мерзімнің шегі. Біраз жұмыс істеді, оған тағар ешбір кінә жоқ. Ол әлі жас, оның мүмкіндіктерін басқа салада пайдаланатын боламыз «, — деді Н. Назарбаев.
«Мен, қай салада жұмыс істесем де көп жылдар бойы қолдау көрсеткеніңіз үшін ризамын. Сіздің тапсырмаларыңызды орындауға әлі де дайынмын «, -деді Қ. Нұрпейісов президентке арнаған сөзінде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Павлодар облысының әкімі қызметін Қайрат Нұрпейісов кейінгі 5 жыл бойы атқарды. 2003 жылы ол Павлодар қаласына әкім болған. Ал 1999 — 2002 жылдар аралығында Қайрат Нұрпейісов ҚР мемлекеттік кіріс вице-министрі қызметін атқарған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті