«Бүгінде Қазақстан анықталған уран қоры бойынша әлемде екінші орында (Австралиядан кейін), бірақ 2010 жылға таман жылына 15 400 тонна деңгейінде уран өндіру арқылы әлемде бірінші орынға шыға аламыз», — деді М.Тәжин.
«Сонымен бірге, бұған дейін жылу шығаратын элементтер мен оларды құрастыруға қатыспаған Қазақстан 2015 жылы осы нақтың 15% иемдене алады. Қазақстанның ұлттық атом компаниясы «Қазатомөнеркәсібі» АҚШ-тың ірі Westinghouse компаниясына иелік ету арқылы атом электр станцияларын салуға да атсалысатын болады», -деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті