«Қазақстан Латвияны Балтық теңізіндегі өзінің маңызды экономикалық серіктесі деп санайды, осы елмен ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері жүзеге асырылып жатқанымен, ол толық пайдаланылмай отыр «, -деді Н.Назарбаев.
Ол Қазақстан мен Латвия арасындағы тауар айналымы өткен жылы 9,5% өсіп, Қазақстан жағының мәліметінше, $200 млн болғанын айтты. «Осы жылдың бірінші жартысында тауар айналымы $174 млн жетті, бұл жақсы өсім болғанымен, экономикалық әлеует бұдан да жоғары көрсеткішке жетуге мүмкіндік береді», -деді Қазақстан президенті.
«Біз Қазақстан мен Латвия экономикасының қарқынды өсіп келе жатқанына куәгерміз. Ол біздің қарым-қатынасымыздың дамуына тиісті жағдай жасайды», -деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті