«Өткен аптада Отырар АІІБ қызметкерлері жан-жануарлар әлемін қорғау жөніндегі инспекторлармен бірлескен рейд шаралары кезінде «Арыс-Қаратау» мемлекеттік қорығының аумағында заңсыз аң аулағаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысының 33 және 37 жастағы екі тұрғынын ұстады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ұсталғандардан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жайранның 6 өлімтігі, 4 дана жайран мүйізі, 15 қоян мен бір тіркеусуз аңшы мылтығы алынды. Табиғатқа келген шығын көлемі 2 млн 890 мың теңгені құрайды. Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті