«Ғылым туралы» заң жобасында 8 бөлім, 25 бап бар, деді жауапты хатшы.
Сонымен бірге комитет мүшелері «2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қала құрылысын жоспарлаған, жер учаскелерін бөлген, құрылысты жобалаған және салған кезде су қорғау және табиғат қорғау тәртіптерін сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қарастырды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да осы отырысқа шығарылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті