Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыру қоры құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыру қоры құрылады

Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыру қоры құрылады

Астана. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыру қоры құрылады. Бұл туралы бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжинмен кездесуден кейін Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Маргарет Чен мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Қазан 2008
  • 544
Фото - Caravan.kz

«Біз Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыратын арнаулы қор құруды жоспарлап отырғанын естіп қуандық. Бұл экономикалық жағынан тиімді идея»,- деді ол.

«Біз үшін Қазақстанның сыртқы істер министрімен кездесу үлкен абырой. Біз Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының жай-күйі мен жалпы аймақ халқының денсаулық жағдайын жақсарту мен қамтамасыз етуде Қазақстан атқара алатын рөл жайлы талқыладық»,- деді Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Маргарет Чен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті