Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысында 2008 жылдың 9 айында 650 өрт шығып, материалдық шығын көлемі 400 млн 886 мың теңгені құрады. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өрттер саны 44,4%, шығындар көлемі 59,1% өсті.
«Өткен мерзімде өрттердің салдарынан 39 адам, ал 2007 жылдың осы мерзімінде 53 адам қаза тапты. Адамдарды өлімге әкеліп жатқан басты себеп — мастық, осындай себеппен 31 адам қаза тапты», — деп хабарлайды департамент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті