Білім және ғылым министрі жыл сайын Қазақстанның 3 мыңдай студенті шетелдерде «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатқанын айтты. Сонымен бірге, «еліміздің 17 мыңдай жастары өз қаржысының есебінен шетелдік колледждер мен университеттерде білім алуда. Жалпы алғанда еліміздің 20 мың студенті шетелдерде жүр», — деді ол.
Университеттердің ұлы хартиясының бас хатшысы Бастьян Бауман өз сөзінде : «Біздің басты құжатымыз, Университеттердің ұлы хартиясына әлемнің 80 елінен 600 аса университет қол қойған. Қазақстанның да көптеген университеті оған бірікті. Мен Қазақстанның Болон процессіне қатысу жөніндегі бастамасын қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын боламын»,- деді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті