Адвокаттың айтуынша, ол «кәсіпкер Борис Костановты өлтіруге тапсырыс берген деп айыпталған Е. Байсақовқа қолдау көрсетуде ( Украинада саяси қашқын мәртебесін алуға — агенттік ескертпесі)» дегенге сенеді. А. Кәкімов қазір Грецияда тұрып жатқан М. Костанованың БАҚ-тар мен Қазақстан жұртшылығына арнаған мәлімдемесін оқып берді.
«Соңғы уақытта менің күйеуім Борис Костановтың өліміне қатысты қылмыстық іс Қазақстанда жаппай талқыланып жатыр. Биыл тергеушілер кісі өлтіруге тапсырыс берушінің ізіне түсті. Мен интернет арқылы осы оқиғаның қалай өрбитінін қадағалап отырмын, бірақ құқық қорғаушылардың нәтижеге қол жеткізе алатынына күмәнмен қараймын. Солай болған жағдайда мен еуропалық және халықаралық сот сатыларына арыздануға мәжбүр боламын», — делінген жесірдің мәлімдемесінде.
Оның пікірінше, «қазір әлдекімдер 2001 жылы отбасының жалғыз асыраушысы, үш баланың әкесін аяусыз өлтірген қылмыскерлерді тауып жазалаудан қоғам назарын бұрып жіберуге талпынуда».
Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, «Б. Костановты Е.Байсақовтың адамдары бірнеше рет қорқытып, ізінен аңдып, бизнестен бас тартуын және мекемесін беруін талап еткен болатын. Қоқан -лоққылары сенімді болуы үшін олар мені және ұлымызды аңдыды, үнемі біздің үйдің, мектептің маңында жүріп, түнделетіп қоңырау шалатын еді. Қанша жыл өтсе де менің жақындарымның өміріне әлі де қауіп төніп отыр, себебі, менің күйеуімді өлтірушілер бостандықта жүр және соның салдарынан мен Қазақстанға келе алмай отырмын», -делінген мәлімдемеде.
Костановтың жесірінің хабарлауынша, «оған қысым көрсету жалғасып отыр». «Егер Қазақстандық билік өкілдері заңның үстемдігін қамтамасыз ете алмаса, онда мен еуропалық сот, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдарға шағымдану құқығымды қолданатын боламын «, -дейді М. Костанова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті