«Союз-ТМА-12» кораблінің түсірілетін аппараты ғарышкерлер Сергей Волков, Олег Кононенко мен ғарыштық турист Ричард Гэрриотты алып Арқалық қаласының маңындағы белгіленген ауданға келіп қонды.
Ғарышкерлердің қонуын 3 ұшақ, 12 Ми-8 тікұшағы, 6 іздестіру-көшіру машинасы мен 9 қосалқы техника қамтамасыз етті.
Іздестіру-құтқару тобының мәліметінше, С. Волков, О. Кононенко мен Р. Гэрриот өздерін жақсы сезінуде. Экипаж тікұшақтармен Астанаға, сосын сауықтыру курсынан өту үшін Жұлдыздар қалашығына жеткізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті