«Владимир Сергеевич Школьник мазуттың экспорттық баж салығын төмендету жөніндегі қаулының жобасын мекеменің қарауына ұсынды, бұл қаулының жобасына сәйкес мазуттың экспорттық баж салығын130 доллардан 95 долларға дейін төмендету көзделіп отыр. Біздің мекеме мен индустрия министрлігі бұл құжатты бекітті, қазір ол Экономика, Қаржы және Әділет министрліктерінің қарауына берілді. Сондай-ақ, онда шикі мұнайдың экспорттық баж салығын бір тоннасына 210 доллардан 139 долларға дейін төмендету жоспарланған. Оны да келісуді сұраймыз», — деді С. Мыңбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті