Сағат 10.00 жағдаймен Өскемен — Шемонаиха, Самарское — Көкпекті, Көкпекті — Зайсан жолдары ашылды.
Кәсіпорын мәліметінше, күн райының қолайсыздығына байланысты Өскемен — Зыряновск, Өскемен — Риддер тас жолдары әлі де жабық. Өскемен- Самарское бағытында автобустар мен тіркемелі автокөліктердің жүруіне шектеу қойылған.
«Қалған бағыттарда облыс орталығынан шыға берісте автокөліктердің жүруіне рұқсат берілген, жолдар арнаулы техниканың көмегімен тазартылды», -деп хабарлайды мекеме.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті