Астанада 18 қарашада сағат 18.40-та №23 және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында «БМВ» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жарақат салдарынан 37 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты.
Сонымен бірге, 18 қарашада сағат 07.00-де Жамбыл облысының Жуалы ауданында Алматы — Ташкент тас жолының 555-ші шақырымында «Ауди» көлігінің 26 жастағы жүргізушісі «Тойота» көлігімен соқтығысты.
Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті