Президент үкіметке тұрақтандыру бағдарламасының аясында тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиелендіру проблемаларын шешуге 3 млрд доллар бөлуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент үкіметке тұрақтандыру бағдарламасының аясында тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиелендіру проблемаларын шешуге 3 млрд доллар бөлуді тапсырды

Президент үкіметке тұрақтандыру бағдарламасының аясында тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиелендіру проблемаларын шешуге 3 млрд доллар бөлуді тапсырды

Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке тұрақтандыру бағдарламасының аясында тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиелендіру проблемаларын шешуге 3 млрд доллар бөлуді тапсырды. Бұл туралы президент бүгін Астанада ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Қараша 2008
  • 615
Фото - Caravan.kz

«Жылжымайтын мүлік нарығы тауқыметтердің түйініне айнадып, оның айналасында банктер, құрылыс компаниялары мен халықтың мүдделері шоғырланды», — деді Н. Назарбаев.

«Мемлекет бұл процессте белсенді рөл атқаруға тиіс, сол себепті мен үкіметке тұрақтандыру бағдарламасының аясында тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиелендіру проблемаларын шешуге 3 млрд доллар бөлуді тапсырамын», — деді ол.

Бірақ осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев құрылыс компанияларына мемлекеттің көмегін алған соң халықты қол жетімді баспанамен қамтамасыз етуді, Алматыда бір шаршы метрдің құны 1000, ал Астанада 700-800 доллардан аспауы қажет екенін ескертті. «Онымен келіспегендерде банкроттықтан басқа жол қалмайды, мемлекеттің бұдан басқа мүмкіндігі жоқ»,- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар