"Каспий энергетикалық хабы" жобасы бойынша мастер -жоспарды 2009 жылдың наурыз-сәуір айларында аяқтау жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Каспий энергетикалық хабы" жобасы бойынша мастер -жоспарды 2009 жылдың наурыз-сәуір айларында аяқтау жоспарлануда

"Каспий энергетикалық хабы" жобасы бойынша мастер -жоспарды 2009 жылдың наурыз-сәуір айларында аяқтау жоспарлануда

Ақтау. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - "Каспий энергетикалық хабы" жобасы бойынша мастер -жоспарды 2009 жылдың наурыз-сәуір айларында аяқтау жоспарлануда. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қараша 2008
  • 374
Фото - Caravan.kz

Қазір мастар-жоспар жасалу үстінде, жоба Ақтау қаласының аумағында жүзеге асырылады. «Мұнайгаз саласына арналған көпфункциялы сервистік-технологиялық орталық Каспий маңы аймағының мүмкіндіктерін арттыруға, оның әлеуетін жүзеге асыруға, адами капитал мен жалпы экономиканы дамыту деңгейін көтеруге мүмкіндік береді», — деді Қ. Көшербаев.

Оның айтуынша, Қазақстандағы Каспий энергетикалық хабы «Парсы шығанағындағы елдер үшін салынған Катардағы энергетикалық хабының үлгісі бойынша құрылады».

Оның құрамында мынадай орталықтар құрылмақшы: ғылым және технологиялар паркі, геофизикалық мәліметтер зертханасы, техникалық мамандарды дайындау орталығы, ақпараттық технологияларды дамыту орталығы, қоршаған ортаны зерттеу орталығы, орны толатын қуат көздері жөніндегі орталық.

Қ. Көшербаев жобаны Қазақстан үкіметі Gulf Finance House банкі мен PFC Energy International консалтингтік компаниясының қолдауымен жүзеге асыратынын атап өтті. Қазақстан жағынан жобаны жүзеге асыруға «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, ЭМРМ, ИСМ және Маңғыстау облыстық әкімдігі атсалысады.

Қазір Қазақстан үкіметі $20 млн бөліп отыр. Бахрейндік инвестор да осы көлемде қаржы бөлген. «Бірлескен кәсіпорын құрылады. Бірінші кезеңде $400 млн көлемінде қаржы бөлу жоспарланған», — деді әкім.

Жалпы жоба $10 млрд астам қаржыға бағаланып отыр. Жоба тиісті мемлекеттік органдармен келісілген соң қолға алынып, 3-5 жылда аяқталады, деді Қ.Көшербаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар