«Қарашаның 26-сы мен желтоқсанның 2-сі аралығында Қатар астанасы — Дохада Біріккен Ұлттар Ұйымының дамуды қаржыландыру жөніндегі халықаралық конференциясы өтеді. Оған ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Дәненов бастаған қазақстандық делегация қатысады», деді Е.Ашықбаев.
ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Ашықбаевтың айтуынша, аталған іс-шара 2002 жылғы наурыздың 21-22-сінде өткен БҰҰ-ның дамуды қаржыландыру жөніндегі конференциясында қабылданған Монтеррей консенсусын ске асыру барысындағы маңызды кезең болып табылады.
«Қабылданған құжаттың мақсаты — кедейшілікті жою, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету және тұрақты дамуды ынталандыру болып табылады», деді СІМ
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті