Ол еліміздің жылжымайтын мүлік нарығындағы проблеманы шешу үшін үкімет ипотекалық несиені және тұрғын үй секторын дамытудың арнайы бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырғандығын айтты. «Бағдарламаның мақсаты — жылжымайтын мүлік нарығын және ипотеканы ынталандыру болып табылады. Алайда бұл бағдарлама тек тұрғын үй құрылысының аяқталмаған нысандарына, негізінен Алматы мен Астана қалаларындағы нысандарға қатысты әрекет ететін болады», деді премьер-министр.
Бұл бағдарламаға жаңа талаптар бойынша бақылаудан және тексеруден өтетін, шығындардың бір бөлігін өз мойнына алуға дайын әрі тұрғын үйді әділетті бағамен сататын екінші деңгейлі банктер мен құрылыс салушы компаниялар қатыса алады.
«Біз 6 жүйе құрушы банкпен консультациялар жүргіздік. Олар аталмыш бағдарламаның шарттарын қабылдады және үкіметпен алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендерін білдірді», деді үкімет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті