Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №92-50 алаңның монтаж-сынақ корпусында М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының Зымыран-ғарыштық техниканы пайдалану жөніндегі зауытының мамандары Экпресс-МД-1″ және «Экспресс-АМ44» жер серіктерін ұшыруға арналған «Протон-М» зымыран тасығышын құрастыруға кірісті.
Қазір ғарыштық аппараттар зауытта ұшырылым алындағы тексеруден өткізіліп, ғарыш айлағына жіберуге дайындалуда.
«Экспресс-МД-1» ғарыштық аппараты 2006 — 2015 жылдарға арналған Федералдық ғарыштық бағдарлама аясында «Ғарыштық байланыстар» ФМҰБ тапсырысы бойынша жасалған. Жер серігі үздіксіз спутниктік байланыс орнату мен Ресейде хабар таратуға арналған.
«Экспресс-МД-1» ғарыштық аппаратымен бірге «Экспресс-АМ44» атты тағы бір байланыс жер серігі ұшырыоымға дайындалуда.
Ресейдің «Экпресс-МД-1» және «Экспресс-АМ44» жер серіктерін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышын 2009 жылдың басында ұшыру жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті