«Экспорт бойынша мамандану бағыттарын Қазақстан экономикасын модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия бекітті»,- деді ол.
«Сарыарқа» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының экспорттық мамандану бағыттары астықты терең өңдеу, ет өнімдерін өндіру және өңдеу, дайын металл бұйымдар мен металл емес минералдық өнімдер өндіру болмақ.
«Тобыл» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының экспорттық мамандану бағыттары: астық пен етті терең өңдеу, энергетикалық сыйымдылығы жоғары өнімдерді өндіру; «Оңтүстік» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының экспорттық мамандану бағыттары — жеміс-көкөніс кластерін дамыту, экспортқа бағытталған дақылдарды өндіру, азық-түлік өнеркәсібі; «Жетісу» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы — ғылым және білім, ауылшаруашылығы, азық-түлік өнеркәсібі; «Каспий» ӘКК — химиялық және балық өндірісі өнеркәсібі; «Батыс» ӘКК — химия өнеркәсібі, пбасқа да металл емес минералдық өнімдер өндіру; «Ертіс»ӘКК — химиялық және металлургиялық өнеркәсіп.
Ал ҚР ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың журналистерге хабарлауынша, кейбір ӘКК-лар ет өнімдерін экспорттау бойынша проблемаларға тап болып отыр. «Проблема біздің өз етімізді экспортқа шығара алмауымызда, өйткені ол Халықаралық эпизоотикалық бюроның стандарттары мен талаптарына, мал дәрігерлік стандарттарға яғни, экспортқа қажетті талаптарқа сай келмейді», -деді министр.
Оның пікірінше, мұндай проблемаларды жою үшін экспорттық алаңдар құру қажет. Министрдің пікірінше, экспорттық алаңдар тұтастай алғанда мал шаруашылығының дамуына түрткі болмақ. «Егер осындай алаңдар болса, мал мен олардың төлдерін фермерлерден және жеке шаруашылықтардан сатып алуға болар еді. Бұл — мал шаруашылығын дамытуға локомотив болмақ», — деді ол.
«Келесі жоба Қазақстанның оңтүстігінде жеміс-көкөніс өнімдерін дамытуға бағытталады. Бізде негізгі жеміс пен көкөніс түрлерін өсіруге мүмкіндік бар, оларды тек дер кезінде өсіру керек, соның ішінде ерте пісетін түрлерін де, нәтижесінден біз өзімізді қамтамасыз етіп қана қоймай, ерте пісетін өнімдерді экспортқа шығара аламыз», — деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті