Қазақстан үкімет басшысы Қытайда жұмыс сапарымен болады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкімет басшысы Қытайда жұмыс сапарымен болады

Қазақстан үкімет басшысы Қытайда жұмыс сапарымен болады

Астана. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов сәуірдің 29 мен мамырдың 1-і аралығында Қытайда жұмыс сапарымен болады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

  • 26 Сәуiр 2010
  • 376
Фото - Caravan.kz

«Сәуірдің 29 мен мамырдың 1 аралығында Қазақстанның үкімет басшысы К. Мәсімов Шанхай қаласында өтетін «ЭКСПО-2010″ дүниежүзілік көрменің ресми ашылу рәсіміне қатысумен ұштастыра отырып, Қытай Халық Республикасында жұмыс сапарымен болады», деді ресми өкіл.
Үкімет басшысы сапар барысында Қытайдың саяси басшылығымен және Қазақстанда жұмыс істейтін ірі Қытай компаниялары басшыларымен бірқатар кездесулер өткізбек. «Келіссөздер барысында екі мемлекет арасындағы екі жақты ықпалдастықтың көкейкесті мәселелері және болашақ ынтымақтастық шаралары талқыланады», деді А. Әбдірахманов.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, «ЭКСПО-2010» дүниежүзілік көрмесі Шанхай қаласында биылғы жылғы 1-мамыр мен 31-қазан аралығында «Таңдаулы қала- тамаша өмір» деген атаумен өтеді. Көрменің ашылу рәсімі 30-сәуірге белгіленіп отыр.
«Қазақстанның ұлттық экспозициясының айдары — «Астана — Еуразияның жүрегі». Қазақстандық павильон Астананы әлемнің ең жас әрі қарқынды дамып келе жатқан елордалардың бірі ретінде таныстырады»,- деді А. Әбдірахманов.


«ҚАЗАҚСТАН БҮГІН» АҚПАРАТТЫҚ АГЕНТТІГІНІҢ БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРЫН СІЗДЕР АГЕНТТІКТІҢ САЙТЫНАН ОҚИ АЛАСЫЗДАР: WWW.KT.KZ.

Перейти к новостям спорта