Оның сөзіне қарағанда, мал шаруашылығы саласы өсімдік шаруашылығынан маңызы жағынан бірден бір кем емес. Өсімдік шаруашылығына осыған дейін өзге салаларға қарағанда басымдық беріліп келгені рас. Алайда, қазір мал шаруашылығы да ішкі жалпы өнімге қомақты үлес қосып отыр.
«Бұл салаға қажетті деңгейде көңіл бөлетін болсақ, оның экспорттық әлеуетін арттыруға болатынына көз жеткізіп отырмыз. Бізде мал өнімдерін өткізетін нарық та бар. Ендігі әңгіме мал шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда. Министрлік агронөнеркәсіптік кешенін дамыту стратегиясында осы мәселеге жіті көңіл бөліп отыр», — деді жауапты хатшы.