Серік Кенжебекұлы облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің өкімімен бұл орталыққа директор болып Әлібек Сәтбаевтың тағайындалғанын, оның мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде жұмыс атқарғанын, Ақжайық ауданының әкімі болып, облыстық деңгейдегі мекемелерге басшылық еткенін айтып өтті. «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру орталығының мемлекеттік қызметшілердің сапасын, біліктігін арттыруда алатын орны үлкен. Соған байланысты мемлекеттік қызметте ұзақ жыл жұмыс істеген Әлібек Байжанұлы осы орталық жұмысының сапасын арттыру үшін жіберіліп отыр», — деді С.Сүлеймен.