Облыс басшысы Тасқала ауданында болды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Облыс басшысы Тасқала ауданында болды

Облыс басшысы Тасқала ауданында болды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров кеше Тасқала ауданында болып, тасқын судың зардабын қарап, баспанасыз қалған тұрғындармен кездесті.

  • 22 Сәуiр 2011
  • 347
Фото - Caravan.kz

Облыс басшысы тұрғындармен кездесуде су тасқынынан келген шығынды анықтайтын арнайы комиссия мен төтенше жағдайлар зардабын жою бағытында штаб жұмыс жасап жатқандығын айтты. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың су тасқынынан зардап шеккен бірде-бір жанның қамқорлықсыз қалмасын деп тапсырма бергендігін жеткізді.

«Тасқала ауданы бойынша үш ауылға су кіріп, бүлінгендерін айтпағанда, 71 үйді мүлдем жарамсыз етті. Қазір жергілікті комиссия шығын көлемін есептеп жатыр. Шұғыл арады бұл жұмыс бітіп, апаттың зардабын жою ісі басталады. Бүгін жаңадан бой көтеретін үйлердің орнын қарадық. Үй салу мамыр айынан басталады. Ал су кіріп, үйлері бүлінген тұрғындар да көмектен тыс қалмайды. Бәрі де ескерілетін болады», деді әкім.

Б.Ізмұхамбетов одан кейін №20 кәсіптік лицейде болып, ондағы эвакуациялық қосынның жұмысымен танысты.

Перейти к новостям спорта