Бұл туралы бүгін ҚР Бәскелестікті қорғау агенттігінен хабарлады.
Монополияға қарсы агенттік Батыс Қазақстан облысының: «Попков А.Б. Ш/Қ (шаруа қожалығы)», «Талецкий В.Н.», «Абақұмова А.И.», «Широкова Е.Ю.», «Доценко А.В. Ш/Қ», «Котов В.Ф.», «Исаев Х.Х.», «Антипов В.М.» және «Синельников А.В.» жеке кәсіпкерліктердің бәйсекелестік заңдарына қайшы қимылдарына, нақты айтқанда нан бағасын тұрақты ұстап тұру келісімнің орындалуына және оны анықтау бойынша тексеріс жүргізіп, қорытынды шығарды.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, облыста нанның бағасы «ауызжаласу» арқылы үстіміздегі жылдың 16-19 қаңтары аралығында, бір мезгілде және өндірілетін өнімнің өзіндік құнының қымбаттауы болмаған жағдайда (немесе айтарлықтай қымбаттау болмаған жағдайда) 10 пайызға артқан.
«Тексеріс нәтижесі бойынша Агенттік аталмыш субъектілерге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер қозғау туралы шешім шығарды», — делінген хабарламада.