Бұл ақпарат жерсерікті құрастыру орталығынан алынды. Естеріңізде болса, Мәскеудің Хруничев атындағы Ғарыштық ғылыми-зерттеу орталығы бұған дейін «ҚазСат-1» жерсерігін құрастырған болатын. Ол 2006жылы ұшырылып, бар-жоғы екі жылға жетер-жетпес жұмыс істеп, 2008жылдың күзінде істен шықты. Сол кезде алғашқы жерсерікті ұшыру үшін мемлекет қазынасынан 7 млрд 800 млн теңге қаржы бөлінген. Ал оны сақтандыру үшін төленген өтемақыны қайтаруға ресейліктер әлі күнге дейін асығар емес. Тек құжатты қайта қарап шығуға ғана келісіп отыр. Соған қарамастан «ҚазСат-2» жерсерігі тағы сол Хруничев орталығында құрастырылды. Оны ұшыру 10 шілдеге жоспарланып отыр.